Қалыпты қолданыстағы желқондығыларын
2-3 есе қуатты жаңа желқалақ

Барлық құқығы қорғалған. Авторлық құқықпен қорғалған бұл құжаттың ешқандай бөлігін ақпараттық ағыммен тараттылатын баспасөз құрадарында, интернет немесе басқадай іздестіру көздерінде сақтап, авторлардын жазбаша берілген рұқсатынсыз жариялау және тарату, авторлық құқықты сақтау заңдарын бұзу есептеді.

ЖЕЛҚАЛАҚТЫҢ
ТІЗЕ БУЫНДЫ ЖАҢА ҮЛГІСІ

Осы кезде қолданылып жүрген жел қондырғыларының бір кемшілігі, қондырғының негізгі білігін желқалақтың тікелей тіркесті айналдыруымен байланысты болып отыр. Ол желқондырғысының күшін арттыру үшін, желқалақтың ұзындығын үнемі ұзартуды қажет етеді. Ал қазір ротордың конструкциялық құрылымын жетілдіру, өзінің техникалық шегіне жетті (желқалақтың ұзындығы 60 метр, салмағы 7 тонна болды). Сонда арғы мүмкіндік қалай шешіледі?

Қазақ елінің өнертапқыштары Шайкенов Б., Шайкенов Е.Б. желқалақтың жаңа түрін ойлап шығарды. Жаңа желқалақ екі бөліктен құралған: түпкі тізе бунақты қысқа бөліктен және ұзын қанат тәріздес желқалақтан тұрады. Қысқа бөлік екі үзіктен құралған. Оның түпкі өс үзігі қондырғының ұршықбасына бекіген, ал екінші бөлікше оған қиғаш 30-600 бұрышпен жалғасқан. Желқалақтың ұзын қанаты екінші бөлікшеге вал арқылы орнатылады.

Желқалақтың жаңа конструкциялы құрылымының – біржаққа орналасқан екі білекті, екі тұғырлы рычаг системасы болуына байланысты, желдің кинематикасын ұтымды тұтып, пайдалы коэфициентінің артуына жағдай жасайды. Желқалақтың жаңа түрі, қалыпты пайдаланылып жүрген түзу желқалақпен қатар өндірісте шығарылған жел қондырғыларына орнатылып, сынақтан өкізілгенде, жаңа желқалақтың 0.5-3.5 есе жылдам айналатыны және сол мөлшерде электр қуатын беретініні анықталды.

Бұл жел энергетикасына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жаңа конструкцияны пайдаланғанда өте қуатты генераторларды қолдануға, желқалақтың ұзындығын қысқартуға, гондола мен тіреуіш тұғырдың салмағын азайтуға, алынатын энергияның өзіндік құнын, жұмсалған материалдық ресурстар мен тұрғызу құнын төмендетуге жағдай көбейеді.

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУДІҢ АЛҒЫ БОЛАШАҒЫ