ҚАЛАЛАРДА СУДЫ 1/3 КӨЛЕМДЕ ҮНЕМДЕУ ТӘСІЛІ

Қалаларда соңғы жарты ғасырда суды пайдалану, өте тез қарқынмен ұлғайып келеді. Кейінгі кезде ауыл тұрғындарының қалаға жаппай орын ауыстыруына байланысты, распублика және облыс орталықтары біршама ұлғайып, ондағы қала халқының саны тез өсті.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша қалаларда тұрғындарға тұрмыстық және гигиеналық жағдайды толық қамтамасыз ету үшін күніне 230-350 л су берілуі керек, ол айына 7-10,5 куб/м су көлемін құрайды. Әрине бұл ең жоғарғы көрсеткіш, ал орта есеппен (Алматыда) 170-200 л су жұмсалады. Судың қалаларда ас дайындауға, кір жууға, ыдыс тазалаауға және жуынуға кететін жиынтық мөлшерін есептегенде, санитарлық тазалауға кететін су шығыны олардан әлде қайда көп екені анықталды. Мұндай жағдайдың орын алуы, судың арзан немесе тегін болуымен байланысты оны үнемдеу тіпті де қажет емес еді. Осы себепті санитарлық тазалау аппараттарының көлеміне еш шектеу қойылған жоқ.

Қазақстан ғалымы 2017 жылы тазалау аппаратының үнемді жаңа конструкциясын ойлап тапты. Ол екі бөліктен: 2/3 көлемді үлкен бөліктен және 1/3 көлемді шағын бөліктен тұрады. Бұл жаңа құрал Еуро-Азиялық патент ұйымына ұсынылып, төрт жыл тексеруден кейін, 2021 ж оған № 038749 патенті берілді. Тазалау аппаратының жаңа нұсқасы қалаларда тұрмыстық мақсатта жұмсалатын судың 1/3 көлемін үнемдейді. Ал осы кезге дейін қолданылатын біртұтас бакты аппаратты пайдаланғанда, әрбір кіші әжеттен кейін 6-8 л су қажетсіз босқа ысырап болып төгіледі. Осы кезде әр адам күніне 35-40 л суды артық шығын жасайды.

Бұл ысыраптың мөлшері қандай? Алматы қаласында шамамен 1,8 млн адам тұрмыстық қолайлы жағдайды пайдаланады. Есептегенде бір тәулікте тұрғындар 63-72 млн литр суды, айына – 1890-2160 млн. л, ал жылына – 22680000-25920000 м3 (1м3 = 1000 л)-72 суды қажетсіз ысырап жасап, канализацияға төгеді. Алматыда 1 м3 таза судың төлемі 48 Т, канализацияға – 25,76 Т төлейді, жылына қала тұрғындары 1,59 млрд Т. = 3,41 млн долл. ақша артық төлейді.

Қазақстанның 19 млн. халқының 59,2% қалаларда тұрады және 50% құбырлы сумен қамтамасыз етілген, ол 9,5 млн адамға тең. Сонда әрбір адамның суды қажетсіз (14,4 м3) ысырап жасағанын есептей келсек, онда жылына 136,8 млн. м куб су босқа төгіледі. Ел бойынша тұрғындардың ысырап суға төлейтін жалпы шығыны 8,06 -10,08 млрд. тенге, немесе 18,9-23,7 млн. долл. тең.

Ал бізге жер астынан алынған және тау бұлақтарынан тартқан таза 136,8 млн. м куб канализацияға босқа төгілген суды және оны тазалауға кеткен шығынды кім толтырады. Қалай айтқанмен, суды нақты тазалау технологиясы бізде жетілмеген, сондықтан олар Сорбұлақтарды толтырып, жер асты суларын былғап жатыр. Біз осы парықсыз шаруа ыңғайымызбен таза су қорларын сарқып, табиғаттағы су айналымына орасан зиян келтіріп отырмыз.

ғылым докторы, проф. Блок Шайкенов, т. +7 (701) 406 96-25

   

Барлық құқығы қорғалған. Авторлық құқықпен қорғалған бұл құжаттың ешқандай бөлігін ақпараттық ағыммен тараттылатын баспасөз құрадарында, интернет немесе басқадай іздестіру көздерінде сақтап, авторлардын жазбаша берілген рұқсатынсыз жариялау және тарату, авторлық құқықты сақтау заңдарын бұзу есептеді.

ABC Design веб-студиясында құрылды - Астана қалаласында сайт дамыту қызметы.