Европа Патент Ұйымының екінші патенті 2019 жылы алынды
Шайкенов Блок 12.07.2013 Зияткерлік меншік институтына өз өнертабысын ұсынып, 21.10. 2014 жылы РК № 29206 патентін алған уақыттан кейін, «Қайқы желқалақ» құрылымына қосымша бірнеше айрықша өзгерістер енгізген. Әсіресе, ұзын желқалақты тізе буынды қысқы бөліктің жең үзігімен жалғастыратын мойынтіректер мен салмалы сақиналардың құрылымдары жасалды. Олар желдің шетін күшеюі кезінде ұзын желқалақтың өз өсімен бұрылыс жасап, жадағай қалыпқа келіп, құрылымы бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қысқа тізе буынды бөліктің екі үзігінің жалғасу бұрышы 10-800 дәрежесіне дейін өзгертілген.
Автор «Қайқы желқалақ» доңғалағының желдің кинетикалық энергиясын ұтымды пайдалануы нәтижесі, шағыр заңын тиімді қолданумен байланысты, деп тұжырымжайды. Желқалақ жұмысы кезінде қосымша күштің (F = F1 + F2) пайда болуы, ол авторлар ойлап тапқан тізе буынды қысқа бөліктің білік үзігінің үстеме қосылуымен тікелей шешілген. Бұл кезде тізе буынды қысқа бөлік, бір жаққа бағытталған, екі бөліктен тұратын, екі тіректі шығыр жүйесін құрады, нәтижесінде жел ағысының ұзын желқалық бойымен өтетін желдің тығыздығын арттырып, оны тиімді пайдаланады. «Қайқы желқалақ» доңғалаққа енгізілген жаңа құрылымдық өзгерістері біріктіріліп Қазақстанның Зияткерлік меншік институтына өтінішпен тапсырылып, оған РК № 32278 патентін берілу 31.07.2017 шешімі шықты.
Осы патент бойынша 2018 жылдың қаңтар айында Европа Патент Ұйымына жаңа патент алу жөнінде қайтара өтініш берілді. Қарауға түскен материалдардың жаңалығы мен құрылымдық өзгерістері ескеріліп, бұл өнертабысқа ЕПҰ жаңа EP 3411592 B1 патентін беруге 26.06.2019 ұйғарым шығарды.
Бұл Патент Европада жел арқылы электр өндіру турбиналарын шығаратын басты жеті мемлекеттердің патент ұйымдарында мақұлданып, патенттері алынды. Сонымен қатар осы патент негізінде АҚШ, Жапония, Қытай, Индия және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің ұлттық патенттерін алуға өтініш өткізілді және олардың құжаттарды қабылдағаны жөнінде хабарлар алынды.