Қазақстандық өнертапқыш қуат өндіретін ерекше құрылғы ойлап тапты
Қазақстандық өнертапқыш қуат өндіретін ерекше құрылғы ойлап тапты
Хабар Агенттігі
14 маусым 2017 ж.
Сілтеме: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/83722-aza-standy-nertap-ysh-uat-ndiretin-erekshe-ryl-y-ojlap-tapty
«ЭКСПО» қалашығының үздік тәжірибелер алаңында қолданыстағылардан үш есе тиімді жұмыс жасайтын жел электр құрылғысы таныстырылды.
Оны отандасымыз Блок Шайкенов баласымен бірге құрастырған. Желдеткіштің басты ерекшелігі – қалағының қайқы өзекке орналасуында. Қарапайым болып көрінген осы конструкцияның өзі қазіргі үздік жел генераторларының қуатын кем дегенде 50%-ға арттыруға қауқарлы. Ғалым оны жасауға 12 жыл уақытын жұмсапты. Жаңалығын Қазақстанда паттенттеп алған. Халықаралық деңгейде авторлық құқық алуға да өтініш тапсырыпты.
Блок Шайкенов, өнертапқыш:
- Мұның өзін жаңаларға пайдалануға болады. Сосын қолданыстағы бардың барлығына арнайы қондырғылар жасап, үлкен желқалақтың түбіне, бұрын қолданып жүргендерге де пайдалануға болады.
Қазір елімізде баламалы қуат өндіретін 50 нысан жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуаты 288 мегаватқа жуық. Алдағы 3 жылда салада жаңа 53 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде жел, су, күн және биогаздан алынатын энергия 3 мың мегаватқа жеткізіледі.