Европа Патент Ұйымының бірінші патенті 2017 жылы алынды

15 қараша 2017 жылы Шайкенов Блок Европа Патент Ұйымының № 2937557 бірінші патентін алды. Бұл ұйымға өтініш Қазақстанның Зияткерлік меншік зерттеу институтының 21.10.2014 берген № 29206 Патенті бойынша 2014 жылы қараша айында жіберілген еді. Европа Патент Ұйымының Шайкенов Блокқа берген патенті, ойлап жасаған жел дөңгелегінің тізе буынды жаңа конструкциясының жоғарғы техникалық мүмкіндігін айрықша бағалауы болып табылады.

ЕПҰ патенті Еуропаның: Дания, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Испания, Франция елдерінің Патент ұйымдарында мақұлданып, авторларға олардың патенттері берілді. Бұл елдерде қазіргі уақытта Жел электр қондырғылары көптеп шығарылады және басқа мемлекеттерге экспортқа шығарып, жел энергетикасын өрістетуге үлкен ықпал жасалып отыр.

FaLang translation system by Faboba