Германияның Гамбург қаласында Renewables Certification DNV GL – Energy компаниясымен «Қайқы желқалақ» конструкциясының техникалық мүмкіндіктері жөнінде Б.Шайкенов және Шайкенова А.Б. 25-26 шілдеде 2019 жылы кездесулер өткізді.
Б.Шайкенов жел роторының «Қайқы желқалақ» конструкциясы Әлемдік маңызды техникалық жаңалық. Мұндай инновацияны практикада қолдану үшін ол Халақаралық техникалық экспертизадан өтуі қажет.
«Ұста Желді» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылары Б. Шайкенов пен А. Б. Шайкенова 2019 жылы 25-26 шілдеде Германияның Гамбург қаласындағы Renewables Certification DNV GL – Energy компаниясының эксперт қызметкерлерімен келіссөз жүргізіп қайтты. Бұл компания энергия саласындағы генераторлар мен жел турбиналарының техникалық мүмкіндігі мен қауіпсіздігін тексеріп, стандартты белгілеп, сертификаттайтын және сертификат саласындағы көшбасшы ұйым. Бұл кездесу «Ұста Желді» басшыларының бір жыл бойы жүргізген келісу байланысы және DNV GL компаниясымен жасалған жұмыс жүргізу Шарты мен алдын-ала төлем жасаудың нәтижесінде өткізілді.
Келіссөз DNV GL компаниясының Инженерлік механика бөлімінің басшысы Аксел Домбровски, аға инженер Ларс Клетт және басқарушы менеджер Андреас Бокштедтемен жүргізілді. «Қайқы желқалақ» роторының конструкторы Б.Шайкенов видеокөрінісерді пайдаланып, жаңа конструкцияның құрылымы мен теориялық негізін сипаттап, оның дала жағдайында сынақтан өткізгендегі түзу желқалақпен салыстырмалы айналу жылдамдығы және ток өндірудегі артықшылары жөнінде мұқият баяндама жасады. Баяндама қолма-қол Германия мамандары жетік білетін ағылшын тіліне аударылды.
Мәселелерді талқылау барысында DNV GL компаниясының қызметкерлері жиі-жиі сұрақтар беріп, өздеріне күмәнді орындарды түсіндіруді талап етіп отырды. Біршама ретте Желдоңғалақтың жаңа қонструкциясының құрылымы, жұмыс істеуі DNV GL және «Ұста Желді» басшыларының алма кезек ой алмасуы бойынша талқыланды. Екінші жұмыс күні алғашқы күннің талқылау нәтижесіне сүйеніп DNV GL қызметкерлері өздерінің теориялық ойларымен және практикалық тәжрибелерімен бөлісті. Олар «Ұста Желді» жүргізген алғашқы далалық сынақтың нәтижелерін анықтайтын көрсеткіштерді дәлелдейтін, басқадай тіркеуші жазба приборларды қолданып, сынақты қайтара жүргізу қажет деген ұсыныс жасады. «Ұста Желді» басшылары оны толық қабылдады.
DNV GL және «Ұста Желді» шаруашылық ұйымы арасында жүргізілген талқылау нәтижесінде, Желдоңғалақтың жаңа конструкциясын техникалық тексерістен өткізу және сертификациялау жөнінде 2019-2020 жылдары жүргізілетін жұмыстардың жоспарлары белгіленді. Техникалық зерттеулерге қосымша компьютерлік модель жасау да қарастырылды. Компьютерлік модель Желдоңғалақтың тізе буынды қалақтарының ерекше құрылысына байланысты, олардың айналым жылдамдығы, жел ағымына кедергілік әсері, желдің кинетикалық күшін пайдалану тиімділігін анықтауға және өте қуатты 3-7,5 МВт ветротурбиналарда пайдалану мүмкіндігін белгілеу үшін өте тиімді әдіс болады. Далалық сынақ және компьютерлік моделдеу әдістері, Желдоңғалақтың жаңа «Қайқы желқалақ» конструкциясын техникалық сараптауға және сертификациялауға айрықша мүмкіндік туғызады.